Үй инфрақұрылымы
Лифт, ЖЖП, сорғылар, домофон және ортақ үй-жайлар — бұл қызмет көрсету мерзімі мен жауапты мердігері бар жабдық. Кестелер мердігердің дәптерінде жүргенде, үй жоспарлы жөндеу туралы лифт тоқтағанда ғана біледі.
- Қызмет көрсету кестесі
- лифт, ЖЖП, сорғы
- Есептегіштер
- көрсеткішті тапсыру
- Рұқсаттамалар
- қонаққа және курьерге
- Брондау
- ортақ үй-жайлар
Үй — мәселелер тізімі емес, нысандар жиынтығы
Домофон және бейнебақылау
Пәтерлер бойынша кілттерді есепке алу, ауыстыруға өтінім, мердігер және жабдыққа кепілдік мерзімі.
Қонақ рұқсаттамалары
Қонаққа және курьерге, шектеулі уақытқа. Консьержге қоңырау шалуды қажет етпейді және бөгде адамға тұрақты кіру құқығын қалдырмайды.
Ортақ үй-жайларды брондау
Коляска бөлмесі, паркинг, коворкинг, балалар бөлмесі, спортзал. Ережені жиналыс белгілейді, күнтізбені платформа жүргізеді.
Есептегіш көрсеткіштері
Қосымшадан мерзімінде тапсыру, пәтер және үй бойынша тарих. Үй есептегіші мен пәтерлер сомасының айырмасы бірден көрінеді.
Қызмет көрсету кестелері
Лифттер, ЖЖП, сорғылар, желдету. Тексеру жоспары, орындалу фактісі, жауапты мердігер және шарт.
Дайындық паспорты
Жылыту маусымына дайындық — жаз соңындағы бір қағаз емес, мәртебесі бар жұмыстар тізімі.
Тұрғындарға арналған мәртебе
Жұмыс істейді, тоқтады, жоспарлы жұмыстар. Тұрғындар жөндеу туралы алдын ала біледі, диспетчер бір сұраққа қырық рет жауап бермейді.
Нысан бойынша тарих
Қашан жөнделді, не ауыстырылды, қанша тұрды. Жиналыста мердігер таңдағанда бұл — жалғыз нақты дәлел.
Платформа әр нысан бойынша нені жүргізеді
Бір ғана жазба екі бағытта жұмыс істейді: басқармаға — жоспар мен жауапты, тұрғынға — мәртебе мен күн.
| Нысан | Платформа нені жүргізеді | Тұрғын нені көреді |
|---|---|---|
| Лифт | Қызмет көрсету кестесі, сервистік компанияға өтінімдер, тұрып қалу | Жұмыс істейді, тоқтады немесе жоспарлы жұмыстар |
| ЖЖП және сорғылар | Тексеру жоспары, орындалу фактісі, жылыту маусымына дайындық паспорты | Ең жақын жұмыстардың күні және өшіру себебі |
| Домофон және бейнебақылау | Пәтерлер бойынша кілттер мен рұқсаттарды есепке алу, мердігермен шарт | Кілтке өтінім және қонақ рұқсаттамасы |
| Есептегіштер | Көрсеткіштерді қабылдау, пәтер және үй бойынша тарих | Тапсыру нысаны және өз тарихы |
| Коляска бөлмесі, паркинг, коворкинг, балалар бөлмесі, спортзал | Пайдалану ережелері және брондау күнтізбесі | Бос уақыттар және өз броны |
| Аула және алаңдар | Тазалық кестесі, учаскелер, жауаптылар | Учаскеге кім жауапты және қашан тазаланады |
Жылыту маусымына дайындық паспорты сол жазбалардан жиналады: не тексерілді, не жуылды, не ауыстырылды және кім істеді.
Жабдық — үйдің ең қымбат және ең көрінбейтін бөлігі
Лифтті күрделі жөндеу шағын үйдің жылдық бюджетінен қымбат, ал ол туралы шешімді қызмет көрсету тарихы жоқ жиналыс қабылдайды. Нысандар бойынша жазбалар «ауыстыру керек» деген әңгімені «мынау істелді, мынау тұрды, мынау қалды» деген әңгімеге айналдырады.
Сол жазбалар айлық есептің ұстау бөлігін де жабады: жұмыстар, мерзімдер, мердігерлер және сомалар бұрыннан енгізілген.
Үйдің жабдығын енгізу
Өтінім қалдырыңыз — қызмет көрсету кестелерін, мердігерлермен шарттарды және ортақ үй-жайларды пайдалану ережелерін көшіреміз.
Портфельді қосуМИБ, ТББ және тұрғындар үшін — мәңгі тегін.